Оңтүстік Корея пластикпен күрес шараларын қолға алады
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында 500-ге тарта экобелсенді «Пластикке жол жоқ» деген жазу құрастырып, халықаралық қауымдастықты климат өзгерісіне қарсы күресуге шақырды.
Пластмассамен ластану жөніндегі үкіметаралық келіссөздер комитеті 25 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Пусанда арнайы заң жобасын әзірлеу үшін отырыс өткізеді. Келіссөз барысында қанша пластик өндірілетініне және оның қалай пайдаланылатынына қатысты мәселелерге ден қойылмақ. Бұл 2015 жылғы Париж келісіміне сай зиянды қалдық шығарындыларын азайтуға бағытталған ең маңызды шешім болуы мүмкін.