Анталия әуежайында Ресей ұшағы отқа оранды
Түркияның Анталия әуежайында Ресей ұшағы отқа оранды, деп хабарлайды 24kz.
Superjet 100 лайнері Ресейдің «Азимут» әуе компаниясына тиесілі. Алдын ала ақпарат бойынша от қозғалтқыштардың бірінен шыққан. Ұшақта 79 жолаушы мен 4 экпиаж мүшесі болған. Куәгерлер әуе кемесі ұшқан уақытында гуіл естілгенін, 40 минут төмендегенін, сол жақ қанаты қону алаңына тигенін, ұшқыш тежегішті бірден қатты басқанын және бортсеріктер мен түрік қызметкерлерінің тез әрекет еткенін айтады. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.