Израиль әскері «Хезболланың» командалық орталықтарын атқылады

Израиль армиясы Бейрут маңындағы «Хезболла» бақылайтын аумақтарды атқылады, деп хабарлайды 24kz.

Әскерилер көппәтерлік екі үйге әуеден соққы жасады. «Бұл ғимараттар арасында жасырын орналасқан командалық орталықтар бар», - дейді Израиль қорғаныс армиясы өкілдері.

Бұдан бөлек, шабуыл жасалатыны туралы әлеуметтік желіде алдын ала ескерту жасалғанын да жеткізді. Әзірге қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. Еврей армиясы сенбі күні Ливан астанасының орталығына жойқын соққы жасаған еді. Салдарынан 29 адам опат болды. Жалпы сенбідегі шабуылдардан 84 тұрғын қаза тапқан.