COP30 саммиті 2025 жылы Бразилияда өтеді
БҰҰ-ның климат жөніндегі келесі саммиті Бразилияның Белен қаласында ұйымдастырылатын болды, деп хабарлайды 24kz.
Ол 2025 жылдың қараша айында өтеді. Алдын ала есеп бойынша COP30 саммитіне 50 мың адам қатысады. 150-ге жуық мемлекет басшылары келеді деп күтілуде.
Айта кетейік, таңдаудың дәл осы шаһарға түсуі бекер емес. Себебі Амазонияда орналасқан бұл қала жаһандық климаттың өзгеруімен күрестің символы саналады.
Айта кетейік, тропикалық аймақ бүгінде қатты құрғақшылықты бастан кешіруде. Күздің басында жергілікті өзендердің деңгейі бұрын-соңды болмаған көрсеткішке түсіп кетті. Кейбірі тіпті толығымен кеуіп қалған. Соның салдарынан тұрғындар ауызсу тапшылығына тап болды. Ғалымдардың айтуынша, мұндай құбылыс жаһандық жылынумен тікелей байланысты.