Букингем сарайы 3 жылға жабылады

Букингем сарайы 3 жылға жабылады. Желтоқсанда Қатар әмірін қабылдау соңғы ресми іс-шара болмақ, деп хабарлайды 24kz.

Сарай 2027 жылға дейін күрделі жөндеуден өтеді. Кейбір жұмыстар қазірден басталған. Патша әулетіне ыңғайлы болу үшін жұмыс кабинеті, асхана сияқты кейбір бөліктері басқа ғимараттың бұрышына көшірілді. Жөндеу жұмысына 369 млн фунт стерлинг жұмсалады деген ақпарат бар. Негізгі шығын мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.