Пенсильвания штатында қалың қардан 35 мың тұрғын әлі жарықсыз отыр

АҚШ-тың Пенсильвания штатында төпелеп жауған қардың салдарынан әлі күнге дейін 35 мың тұрғын жарықсыз отыр, деп хабарлайды 24kz.

Естеріңізде болса, өткен демалыс күндері аталған аймақта 40 сантиметр қар түскен еді. Содан электр сымдары үзіліп, 10 округта 100 мыңнан аса адам қараңғыда қалған болатын. Қазір өңірде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған ондаған бригада тартылған. Нью-Йорк штатында да осыған ұқсас жағдай. Ауа райы қолайсыздығынан 10 мың азамат электр қуатынсыз отыр. Өз кезегінде АҚШ билігі қазір Батыс Вирджиния, Кентукки мен Огайо тұрғындарына ескерту жасап жатыр. Бұл аймақтарда көп ұзамай жел соғып, қалың қар жауады деген болжам бар.