Трамп Мексика мен Канададан келетін тауарларға салық салуға уәде берді
Дональд Трамп Мексика мен Канададан келетін барлық тауарларға 25 пайыз баж салығын енгізуге уәде берді.
Мұндай шешім заңсыз мигранттар нөпірін тежеуге және есірткі қылмысына қарсы күреспен байланысты қабылданбақ. Жаңадан сайланған президенттің айтуынша, бұл оның алғашқы жарлықтарының бірі болады. Бұдан бөлек, Трамп Қытай тауарларына да қосымша 10 пайыз баж салығын салуға бел буып отыр. Өйткені азиялық ел өз өнімдерімен қоса Мексика арқылы фентанил сияқты есірті затын астыртын жіберіп жатқан көрінеді. Фентанилден көз жұму көрсеткіші кейінгі 5 жылда 4 есе артқан. Одан былтыр 107 мың америкалық қайтыс болыпты.