Қытайда дәстүрлі марафон өтті

Қытайда дәстүрлі марафон өтті

Шанхайда вертикалды марафон өтті.

Іс-шараға әлемнің 20-дан аса елінен 2 мың адам қатысты. Олар 3 мың 400 баспалдақ арқылы Қытайдағы ең биік ғимарат - Шанхай мұнарасына көтерілді. Бұл қашықтықты ерлер арасында алғашқылардың бірі болып 18 минутта жапондық еңсерген. Ал әйелдер арасында Хорватиядан келген қатысушы үздік нәтиже көрсетті. Ол ғимараттың жоғарғы қабатына 21 минут ішінде шықты. Шанхайдағы марафон 2017 жылдан бері өтіп келеді.