Ұлыбритания билігі тасқынмен күреске £2,4 млрд бөледі

Британ билігі «Берт» дауылының салдарымен күреске шамамен 2,5 миллиард стрелинг фунт бөледі. Ақша су тасқынына қарсы қорғаныс құралдарын жетілдіруге жұмсалады.

Климаттың өзгеруі салдарынан табиғат апаттары жиілеп кеткен. «Берт» дауылы Ұлыбританияда ойран салып, өзімен бірге нөсер алып келген. Содан біраз өңірді су басқан. Англияның оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысындағы өңірлерде тасқын қаупі әлі бар. Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 5 адам көз жұмды. Су басқан үйде есеп жоқ. Көлік қозғалысы шектелген. Ал тұрғындар тасқын туралы уақытылы ескертілмей, биліктің апатқа дайын болмағанын айтады.