Сербияда шеру кезінде билік пен оппозиция жақтастары төбелесті
Сербия астанасы Белградта ауқымды шеру өтті, деп хабарлайды 24kz.
Оппозиция ұйымдастырған наразылық акциясы биліктегі партия жақтастарымен қақтығысқа ұласты. Шерушілер өзара төбелесіп, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оппозиция өкілдері бұған дейін бірнеше рет көшеге шығып, сапасыз салынған нысандарға байланысты ел үкіметін жемқорлық бойынша айыптады. Бірақ биліктегі коалиция мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Жуырда елдегі теміржол станцияларының бірінде шатыр құлап, 15 адам қаза тапқан еді. Бұдан бөлек, Нови-Сад қаласында бір ғимарат опырылып түскен.