Ливан оңтүстікте өз әскерін күшейтіп жатыр
Ливан Израильмен шекаралас оңтүстік өңірлерінде әскер санын арттыруға кірісті. Олар БҰҰ-ның уақышта күштерінің жанында орналасады. Бұл еврей елі қарулы күштері мен ливандық «Хезболла» ұйымы арасында жасалған бітімнен кейін қабылданған шешім. Оған сай тараптар 27 қарашадан бастап атысты тоқтатуға келіскен.
Қазір Израиль аймақтан өз әскерін әкетіп жатыр. Бұл процесс аяқталғанша Ливан тұрғындарына шекараға жақын оңтүстік аймақтарға оралуға болмайтыны туралы ескертілді.