Сирияда лаңкестік шабуылдан 242 адам қаза тапты
Сирияның солтүстік-батысында лаңкестік әрекет жасалды, деп хабарлайды 24kz.
Соның салдарынан 242 адам қаза тапты. Оның ішінде 24-і бейбіт тұрғын. Оқиға Алеппо мен Идлиб провинцияларында болды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша лаңкестік топ 34 елді мекенді, сондай-ақ ірі әскери базаларды басып алған. Қазір Дамаск пен Алеппо арасындағы негізгі жолдар жабылды. Жергілікті тұрғындар түрік шекарасы бойындағы қауіпсіз аймақтарға қашып жатыр. Сарапшылар бұл кейінгі 4 жылдағы ең ауқымды топтық шабуыл екенін атап өтті.
Оқиғаға қатысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков шабуылды «Сирияның егемендігіне қол сұғу» деп атап, аймақтағы тәртіпті қалпына келтіруді қолдады.
Айта кетейік, лаңкестікті жасаған сириялық «Хайят Тахрир аш-Шам» радикалды тобы көп елде террористік ұйым ретінде танылған.