ЮНИСЕФ: Газа секторында 14 мың адам шұғыл эвакуациялануы керек
Газа секторында 14 мың адамға медициналық көмек көрсету үшін шұғыл эвакуация қажет. Олардың 2500-і тойып тамақ ішпей жүрген балалар.
Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері хабарлайды. Ұйым қызметкерлерінің айтуынша, әзірге жағдайы ауыр. 100 науқасқа ғана көмек көрсетілген. Көбі ем алу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жіберілген. Израиль әскері кейінгі 2 айда Газа секторына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоспарлы 8 гуманитарлық жүктің тек үшеуін ғана өткізді. Бұл халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр.