Малайзиядағы тасқын кезінде 80 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді
Малайзияда су тасқыны кезінде 80 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24kz.
Олар 7 штаттағы 467 уақытша баспанаға эвакуацияланды. Табиғи апаттан елдің 6 штаты зардап шегіп, 3 адам опат болды. Әсіресе, Таиландпен шекаралас аймақтарда ахуал қиын. Мұнда 9 мыңнан аса үйді су басқан. Мектептер жабық тұр. Мемлекеттік мекемелер уақытша жұмыс істемейді. Қоғамдық көлік қатынамайды. Қазір Малайзияда жауын-шашын маусымы жүріп жатыр. Синоптиктердің болжамы бойынша жаңбырлы ауа райы наурызға дейін жалғасады.