Италияда наразылық салдарынан көлік қозғалысы тоқтады

Италияда қоғамдық көлік қозғалысы мен ондаған ішкі және халықаралық әуе рейсі тоқтап қалды. Бұған елдегі жаппай нарызылық себеп. Мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер биліктен жалақыны көтеруді талап еткен.

Олардың айтуынша, қазір көп сала өкілдерінің жалақысы 1500 еуродан төмен, ал елде инфляция деңгейі 20%-ға жеткен. Азық-түлік пен тұрғын үй бағасы шарықтап тұр. Бұл аздай мемлекетте жұмыссыздық деңгейі 20%-дан асты. Осы жағдайға алаңдаған тұрғындар биліктен шұғыл шара қабылдауды талап етті. Наразылық Италияның барлық аймағында жүріп жатыр.