Грузияда жаппай ереуілдер өтіп жатыр

Грузияда премьер-министрдің шешіміне қарсы жаппай ереуілдер өтіп жатыр. Тбилисидегі наразылық акциясы полицейлермен қақтығысқа ұласып, ондаған адам жарақат алды.

Ашуға булыққан жұрт тәртіп сақшыларына пиротехника лақтырса, полицейлер оларға қарсы көзді жасаурататын газ бен суатқыштар қолданған. 40-тан аса адам қамауға алынды. Наразы топ парламент ғимаратына өтпек болған. Бірақ жолдарын тәртіп сақшылары бөгеді. Жаппай ереуілдерге премьер-министрдің мәлімдемесі түрткі болды. Ол мемлекеттің Еуроодаққа қосылуы туралы келіссөздерді 2028 жылға дейін тоқтатып, одақтың қаржылай көмегінен бас тартатынын жария еткен. Өйткені Еуропарламент қазанның соңында өткен парламент сайлауының нәтижелері бұрмалағанын айтып, оны сынға алатын қарар қабылдаған. Саяси шара нәтижелерін Грузия оппозициясы мен президенті де мойындамай отыр.