Перуде ежелгі қолтырауынның қаңқасы табылды

Перудың Окукахе шөлінде палеонтологтар 10 миллион жыл бұрын өмір сүрген қолтырауынның сүйектерін тапты. Ғалымдардың болжамы бойынша Пискогавиалис деп аталатын бұл жануар Оңтүстік Америкада шамамен 12 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Ұзындығы шамамен 3 метрдей болатын жыртқыш суда мекендеген көрінеді.

Ғалымдар сондай-ақ оны тек балықпен қоректенген деп пайымдап отыр. Экспонат келер айда Перудің геологиялық Тау-кен-металлургиялық институтында көрсетілмек.