Иран уранды тез байытатын 6 мың жаңа құрылғы орнатады
Иран уранды байыту деңгейін арттыру үшін өз нысандарында 6 мыңнан аса жаңа ядролық центрифуга орнатуға ниетті. Ислам Республикасы бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке хабарлады.
Әлемдік қауымдастық Тегеран осылайша ядролық бағдарламасын дамытуы мүмкін деп алаңдап отыр. Өткен аптада Агенттік Иранды сынға алатын қарар қабылдаған еді. Онда мемлекеттің атом энергиясы жөніндегі халықаралық ұйыммен дұрыс серіктестік орнатпай отырғаныны туралы айтылған. Құжатқа сәйкес билік 2025 жылдың көктеміне дейін өзінің ядролық бағдарламасы туралы баяндама дайындауы тиіс. Бірақ Тегеран қарарға жауап ретінде уранды байыту үшін жаңа құрылғыларды іске қосатынын бірден айтты.