Париждегі Нотр-Дам соборы қайта ашылуға дайын

Париждегі Нотр-Дам де Пари қайта ашылуға дайын.

Шіркеуге Франция Президенті барып қайтты. Ол жөндеу жүргізгендердің барлығына алғысын айтты. 2019 жылдың көктемінде ғимаратта алапат өрт шыққан еді. Салдарынан ғимараттың шатыры мен ағаштан жасалған бір бөлігі бүлінді. 5 жылға жалғасқан қалпына келтіру жұмыстарына 250 компания мен 2 мыңнан аса адам атсалысқан. Бұған 700 миллион еуро жұмсалды. Қайырымдылықтан қомақты қаражат жиналды. Нотр-Дам де Паридің ресми ашылуы 7 желтоқсанға белгіленіп отыр. Осыдан кейін ол келушілерді қабылдай бастайды. Негізі өртке дейін, жыл сайын мұнда 14 миллион турист келетін.