Газа секторында нанның кезегінде тұрған үш адам тапталып өлді

Газа секторында наубайханада нанға кезекте тұрған 3 адам тапталып қалып, тұншығып өлді.

Марқұмның екеуі бала. Қарулы қақтығыс салдарынан өңірдің қазіргі гуманитарлық жағдайы қиын. Атыс-шабыстан егіс алқаптары бүлініп, ішкі өндіріс күрт азайды. Ал сырттан келетін көмектің жеткізілуін Израиль әскерилері шектеп отыр. Сөйтіп өткен аптада ұн тапшылығынан бірнеше наубайхана жұмысын тоқтатқан. Салдарынан күн сайын нанға ұзынсонар кезек пайда болады.