Бейбіт бітім орнағалы Ливанға 15 мың адам оралды

Бейбіт бітім орнағалы Сирияға қашып кеткен 15 мың адам Ливиядағы үйлеріне оралды, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы атыс-шабыс басталғалы 2 млн-ға жуық жергілікті тұрғын үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. Солардың 600 мыңнан астамы көрші Сирия аумағына өткен. Қазір екі ел шекарасында үйлеріне қайтып жатқан адамдар мінген көліктердің бірнеше шақырымдық нөіпірі пайда болды. 27 қарашада Израиль әскері мен «Хезболла» бейбіт бітімге келген еді. Соған сәйкес 60 күн ішінде еврей елі өз жауынгерлерін Ливаннан әкету керек. Ал «Хезболла» екі ел шекарасына жақын өңірлерден кетуге міндетті.