Джо Байден қылмыстық жауапкершілікке тартылған ұлына рақымшылық жасады
АҚШ президенті Джо Байден ұлы Хантерге 2 қылмыстық іс бойынша рақымшылық жасады, деп хабарлайды 24kz.
Және одан 2014 жылдан осы сәтке дейінгі қылмыстары үшін айыптар алынып тасталды. Тиісті мәлімдемені Ақ үйдің баспасөз қызметі таратқан. Байден бұл шешімін ұлына бағытталған айыптардың саяси астары болғанын және сайлау кезінде кедергі тудыру үшін әдейі жасалды деп түсіндірді. Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп Байденнің бұл қадамын: «Қызметін асыра пайдалану және әділет талабын бұзу», деп бағалаған. 54 жастағы Хантер Байденге қатысты тергеу 6 жылға созылды. Оны 25 жыл түрмеде отыру жазасы күтіп тұрған еді. Хантерге «салықтан жалтарды», заңсыз жолмен қару сатып алды» және тағы басқа айыптар тағылды. Былтыр ол кінәсін жартылай мойындаған. Президент Байден бұған дейін ұлына рақымшылық жасау бойынша жарлық шығармаймын деген болатын.