АҚШ Сирияның қару-жарақ жүйесін атқылады
АҚШ әскері Сирияның шығысындағы қару-жарақ қоймасын атқылады.
Бұл туралы осы елдің қорғаныс министрлігі хабарлады. Соққы Сириядағы қарулы топ пен үкімет әскерінің қақтығысына еш қатысы жоқ. Олар Американың Евфраттағы әскери бекінісіне белгісіз әскери күш жарылғыш зат тастағаннан кейін өзін қорғау үшін осындай қадамға барған. Қазір Америка армиясына кімнің бірінші болып соққы жасағаны анықталып жатыр. Бұған дейін Иран қолдаған әскери күштер осы аймақтан шабуыл жасаған еді.
Айта кетейік, Сирияда қазір 900-ге жуық америкалық әскер жүр.