Франция үкіметі отставкаға кетті
Ел президенті Эмманюэль Макрон тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 24kz.
Десе де, министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. 4 желтоқсанда Франция парламенті үкіметке сенімсіздік вотумын жариялаған еді. 577 депутаттың 331-і бұл бастаманы қолдады. Саяси күштер арасындағы келіспеушілік 2025 жылға арналған бюджетті бекіту кезінде басталды. Барньенің министрлер кабинеті бюджет тапшылығын қысқарту мақсатында 40 млрд еуро шығынды кесіп тастауды, ірі корпорациялар мен ауқатты франциялықтарға салықты көбейтуді ұсынған. Салықтың мұндай түрі қазынаға 20 млрд еуро әкелер еді. Алайда халық қалаулылары мұнымен келіспеді.
Айта кетейік, Барнье үкімет басшысы лауазымында небәрі 90 күн қызмет етті.