Жапония төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Келер жылдан бастап Жапония астанасы Токио 4 күндік жұмыс аптасына ауысады. Жаңа ереже 2025 жылдың сәуір айынан бастап күшіне енеді. Жергілікті Japan Times ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұл тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Сондай-ақ баласы барларға күніне 2 сағатқа кем жұмыс істеуге рұқсат етілмек. Бұл шаралар арқылы билік елдегі туу көрсеткішін жақсартқысы келеді.

Статистикаға сүйенсек, биыл небәрі 350 мың сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ке аз.