Түріктер жылқы етін жемейді

Түріктер жылқы етін жемейді.

Сиыр, қой етін жейді. Өйткені бағзыда ел қорғау үшін ат керек болған. Атыс-шабыста серік болған жануарды сойысқа қимаған дейді түріктер. Бұл - бір. 

Екіншіден, бұл жақта күн жылы. Ертеде жылқы еті сақтауға келмейтін. Сақтаған күннің өзінде ыстықта сорпа ішудің жөні жоқ.

Қанша десек те бұл елде жылқыны союға рұқсат жоқ. Заң бұзғандарға қатаң шара қолданылады. Сонымен жылқы жемейтін Анадолы жұрты басқа нені қорек етеді?

Түркияда ет тұтыну дәстүрі мен мәдениеті өте маңызды. Әртүрлі ет түрлері халықтың күнделікті рационында кездеседі. Елдің ет және сүт мекемесінің 2023 жылғы есебіне сәйкес, бір кісі жылына шамамен 60 кг ет өнімдерін тұтынады екен.  Тауық еті — Түркияда ең көп тұтынылатын ет түрі. Себебі ол дәмді әрі салыстырмалы түрде арзан. Тап қазір сиыр және қой етінің бағасы 6000 мен 15000 аралығында саудаланып жатыр.

Рамазан Караат, қасапшы:

"Басқа дүкендермен салыстырғанда ет бағасы бізде төмен. Адамдар бізден көбіне тауық пен қима алады. Тауық қанатының бағасы 175 лирадан басталады. Мал етінің ең арзаны 435 лира."

Сиыр еті Түркиядағы маңызды ет түрі, бірақ оның тұтынуы тауық етіне қарағанда төмен. Ірі қара еті көбіне қымбат болғандықтан, көпшілік оны тек арнайы жағдайларда немесе мейрамдарда тұтынады. Сиыр етін тағамдарда, әсіресе кебаб, шиш және  стейк сияқты тағамдарда жиі қолданады.

Эржумент Яғмұр, тұрғын:

- "Еттің бағасы кейінгі жылдары инфляцияға байланысты қатты қымбаттады. Сол себепті тауық етіне ауыстық. Ірі және ұсақ мал етін қонақ келгенде, айрықша күндерде алуға тырысамын."

Қой еті әсіресе Түркияның оңтүстік және орталық аймақтарында танымал. Біздегі секілді соғым сою деген сирек. Тек құрбан шалу кезінде мал көп сойылады. Оның біразы өздеріне қалуы ықтимал. Екіншісі себеп, күн ыстық болған соң бұл жақта ет жеу де қиын. Ақтеңіз бен Егейде шөп шалам қосылған тағамдар басым.