Сирияда уақытша үкімет құрылды
Уақытша үкімет құрамына ресми билікке балама болған, Идлиб провинциясын басқарған оппозициялық құрылым - "Сирияны құтқару үкіметінен" бірнеше министр кірген.
Шенеуніктер алдағы жылдың 1 наурызына дейін өз міндетін атқарады. Бұл туралы жергілікті "Әл-Уатан" басылымы хабарлады. Уақытша үкімет мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халыққа қажетті қызмет түрлерін көрсетуге жауапты. Естеріңізге сала кетейік, уақытша премьер-министр болып Мұхаммед әл-Башир тағайындалған болатын. Оны сарапшылар көтерілісші топ жетекшісінің жақын сыбайласы деп атайды. Әл-Башир 2022 жылы Сирияның даму және гуманитарлық мәселелер министрі болған. Қазір дамудың "жол картасы" жасалып жатыр. Әкімшілік халық санағын жүргізіп, жаңа Конституция қабылдап, еркін сайлау өткізеді.