БҰҰ: Сирияның жер тұтастығы сақталуы керек
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирияның жер тұтастығын бұзатын кез келген әрекетке қарсы.
Бұл туралы халықаралық қауымдастықтың ресми өкілі СтефАн ДюжаррИк мәлімдеді. Оның айтуынша, араб республикасы бетбұрысты кезеңде тұр. Осындай сын сәтте көрші елдер өз мүддесін ғана ойламауы керек. Саясаткер "Сирия болашағын өзі айқындап, халықаралық қауымдастық пен аймақтағы басқа мемлекеттер Сирия халқына толық қолдау көрсетіп, көп жылға созылған қақтығыстан кейінгі елді қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысуы қажет" дейді.
Стефан Дюжаррик, БҰҰ ресми өкілі:
"Біз Сирияның жер тұтастығына қол сұққан қандай да бір әрекетке, кез келген шабуылға қарсымыз. Сирияның өз қалыптасу, даму жолы бар. Елдегі барлық аз топтар өзін біртұтас ұлттың бір бөлшегі ретінде сезініп, қазіргі өтпелі кезеңде жұмыла жұмыс істеуге тиіс".