АҚШ-та Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды
Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесі Вашингтонда аталып өтті, деп хабарлайды 24kz.
АҚШ-тағы қазақ қауымдастығы елдің солтүстік батысында орналасқан Редмонд қаласында отандастарымыздың басын қосып, ауқымды іс-шара өткізді. Жүзден аса адам қатысқан жиында, ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталды. Әсіресе, жас домбырашылардың өнері көрерменді тәнті етті. Қазақ әндері де әуелеп, мерекенің көркін аша түсті. Тәуелсіздік күнімен құттықтап келгендердің қатарында жергілікті татар және түрікмен қауымдастықтарының өкілдері де болды. Олар дәстүрлі би және музыкалық қойылымдарын қойып, Орталық Азия жұртының ынтымағын паш етті.