Ливандағы Сирия азаматтары отанына оралып жатыр
Башар Асад билігі құлағаннан кейін сыртта жүрген сириялықтар біртіндеп отанына оралып жатыр. Қазір Ливанмен арадағы бақылау-өткізу бекетінде жүздеген көлік кезегін күтіп тұр.
Бұл екі мемлекет шекарасында 5 бақылау-өткізу бекеті бар. Қазір солардың тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Қалғаны жабық. Өйткені Сирия аумағынан қарулы топтар өтіп кеткен. БҰҰ-ның дерегі бойынша мұнда 1,5 миллионға жуық сириялық бар. Олар кезінде атыс-шабыстан қашып кеткен еді.
Жалпы Араб республикасында 2011 жылы азаматтық соғыс басталғалы 14 миллионға жуық сириялық өзге елдерге бас сауғалаған. Көбі Түркия, Ирак пен Ливан секілді көрші елдерді паналапты. Біразы Еуропа мемлекеттеріне өткен.