Д. Трамп президенттігінің алғашқы күні 25 жарлыққа қол қояды
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өз қызметіне кіріскен алғашқы күні-ақ 25 бұйрыққа қол қоюға ниетті. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, құжаттар негізінен көші-қон ережелерін қатаңдатуды көздейді.
Мексикамен арада дуал құрылысының қайта басталуы да ғажап емес. Саясаткер заңсыз мигранттармен күресті күшейтетінін әуелдан-ақ айтып келеді. Жақында жергілікті телеарнаға берген сұхбатында Америка аумағында дүниеге келген сәбиге азаматтық беру заңы күшін жоятынын мәлімдеген.
Дональд Трамп алдағы қаңтар айының 20-сында болатын ұлықтау рәсімінен кейін қызметіне кіріседі.