Қытай әлемдегі ең үлкен су бұру жобасын іске асырды
Әлемдегі ең үлкен су бұру жобасын Қытай іске асырды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл арқылы тіршілік нәрі елдің оңтүстігінен солтүстігіне жеткізіледі. Негізгі бастауы – Янцзы өзені.
10 жыл бұрын қолға алынған жоба кейін шығыс және орталық аймақтарды қамтыған. Бүгінде оның пайдасын 185 миллионнан астам тұрғын көріп отыр. Әсіресе теріскейдегі құрғақшылық жайлаған өңірлер үшін жақсы болды. Осының нәтижесінде 50-ден аса өзен-көлдің арнасы толып, 10 миллиард текше метр тіршілік нәрі жеткізіліп отыр. Ел астанасы Бейжің халқы судың 70%-тен астамын осы арнадан алады. Қытай елі мұнымен де тоқтап қалмайды. Енді су бұру жобасының батыс бөлігі салынып жатыр.