The Wall Street Journal: Израиль мен Хамас келісімге келуі мүмкін

Газа секторындағы қақтығыс уақытша тоқтауы мүмкін.

Бұл туралы американдық басылым Wall Street Journal мәлімдеді. Басылымның хабарлауы бойынша, ХАМАС тобы Израильдің қойған талаптарын орындауға дайын. Яғни аталған ұйым Мысыр мен Газа, Газа мен Израиль арасындағы әскерлерін уақытша әкетеді. Сөйтіп, шарт бойынша, атыс-шабыс 60 күн тоқтайды. Сол аралықта Газа секторындағы кепілге алынған 30 тұтқын босатылады. Олардың тізімі Израильге жолданған. Ал Израиль өз кезегінде палестиналықтарға арналған гуманитарлық көмек қорын кеңейтіп, оның қауіпсіз жетуін қамтамасыз етуді мойнына алмақ.