Дамаскіде жанармай жетіспей жатыр

Сирия астанасы Дамаскіге бірнеше күннен бері жанармай жеткізілмей, дағдарысты жағдай орнады. Шаһарға отын әдетте 10 күнде бір алып келіп отырылған. Бірақ қазір қалада оның қоры азайып, көп бекетте ұзын сонар кезектер пайда болған. Кей көлік иелері отынды қара маймен ауыстырып, амалдап жатыр.

Сарапшылар ахуалды қарулы қақтығыстан ел экономикасының құлдырап, шикізат жетіспеушілігімен байланыстырады. Батыс елдерінен енгізілген санкциялар да жағдайды ушықтырып жіберген. Жанармай тапшылығы азық-түлік бағаларына да әсер етіп, көптеген әлеуметтік нысандардың жабылуына түрткі болған.