Америкалық ғалымдар адам өміріне қауіпті 6 өнімді анықтады

Америкалық ғалымдар адам өміріне қауіпті 6 өнімді анықтады

Таяуда Мичиган университетінің ғалымдары адамның өміріне қауіпті 6 тағамды анықтады. Зерттеуге қарағанда тізімнің басында хот-дог тұр. Ол кісі ғұмырын 36 минутқа кемітеді, ал оны газдалған сусынмен тұтыну, тіпті зиян екен. Бұл адам өмірін тағы 12 минутқа қысқартатын көрінеді. Daily Mail басылымы осылай деп жазады.

Ғалымдар нәтижеге анық көз жеткізу үшін 6 мыңға жуық тағамға тәжірибе жасаған. Қауіпті өнім қатарында кептірілген ет, жұмыртқа және сэндвич бар. Ал мамандар адамның өмір жасын ұзартатын өнімдерге жеміс-жидек, көкөніс және балықты жатқызып отыр. Оның құрамындағы пайдалы дәрумендер ғұмырымызды 48 минутқа дейін ұзартуға мүмкіндік береді дейді.