Әлемде жасыл құрылыс саласы қарқынды дамып келеді
Әлем елдерінде жасыл құрылыс саласы қарқынды дамып келеді.
Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, жасыл ғимараттар дәстүрлі ғимараттармен салыстырғанда, энергия шығынын 30%–40%-ға, су тұтынуды 20%–30%-ға және көмірқышқыл газының шығарындыларын 35%-ға дейін төмендете алады. Мәселен, 2020 жылы осындай ғимараттарды салу және пайдалану әлемдегі көмірқышқыл газы шығарындыларының 37%-ын және тұтынылатын энергияның 36%-ын құрады.
электр энергиясы - 30%-40%
су - 20%-30%
көмірқышқыл газы - 35%
Жасыл құрылыс саласындағы ғимараттарды әлемдік деңгейде сертификаттайтын арнайы жүйелер бар. Соның танымалы BREEAM және LEED. Бұл екі жүйе де құрылыс нысанын экологиялық қауіпсіздік, энергия тиімділігі және ыңғайлы басқарылатын ішкі ортаны қамтамасыз ететін заманауи жасыл технологияларды енгізу тұрғысынан бағалайды. Екеуі де сапалы орта құруды, энергия мен су үнемдеуді, қауіпсіз және қайта өңделетін материалдарды пайдалануды, қалдықтарды бөлек жинауды, қоршаған орта мен үй-жайлардың параметрлерін басқаруды реттейді. LEED талаптарына сәйкес сертификатталған ғимараттар қарапайым ғимараттарға қарағанда электр энергиясын 25%-ға, суды 30%-ға дейін үнемдейді.
ЦИТАТА:
Жасыл құрылыс кешеніндегі сертификаттау жүйесі энергиядан бастап, ауа сапасы, жарықтандыру мен жарықтың ластануы, шудың ластануы, тасымалдау, құрылыс материалдарын таңдау секілді әр детальді қамтиды.
Марк Саймон, архитектор
Қазір әлем бойынша, жалпы ауданы 1 миллиард шаршы метрден асатын ғимарат LEED жүйесіндегі жасыл стандарт талаптарын орындаған. Көшбасшы - Қытай. Былтыр елде 264 миллион шаршы футтан асатын аумақты қамтитын 1563 жоба жүзеге асқан. Сондай-ақ Канада, Үндістан, Испания, Италия, Бразилия, Мексика, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Түркия жасыл ғимарат тұрғызуда көшбасшы елдер.
- Қытай - 1563 жоба
- Канада - 280 жоба
- Үндістан - 248 жоба
- Испания - 169 жоба
- Италия - 135 жоба
- Бразилия - 119 жоба
- Мексика - 86 жоба
- Оңтүстік Корея - 67 жоба
- Сауд Арабиясы - 57 жоба
- Түркия - 36 жоба
Бұл рейтингке АҚШ кірмейді. Өйткені ол нарықтағы алпауыт ел. Былтыр 556 миллион шаршы футтан астам аумақты қамтитын ғимарат бой көтерген. АҚШ-та жасыл құрылыстың дамуының екі үлкен себебі бар. Бірі - қымбат электр энергиясы болса, екіншісі - мемлекеттің тұрғын үй саласындағы арнайы жүргізіп отырған саясаты. Мәселен, АҚШ-та LEED сертификатын алған тұтынушыға орташа есеппен 0,45%-ға дейін ипотека бойынша төмендетілген пайыз ұсынылады. Ал тұрғын үйді міндетті сақтандыру мөлшерлемесі қарыз алушыға байланысты орта есеппен 0,2-0,4%-ға төмендетіледі. Ипотека бойынша жеңілдіктерден басқа, АҚШ-та салықтық жеңілдіктер белсенді қолданылады. Мысалы, Флоридада үй иелері энергияны үнемдейтін жабдықты орнатқаннан кейін мүлік салығынан 100% босатылады. Жасыл тұрғын үйдің құны нарықтағы қарапайым тұрғын үйден қымбат болғанына қарамастан, ол коммуналдық төлемдерді үнемдеуге, ғимараттардың қызмет ету мерзімінің ұзақтығына және экологиялық таза үйде өмір сүру үрдісіне байланысты әлдеқайда тиімді.
Қазақстанда да қолданысқа беріліп жатқан жасыл құрылыс нысандары аз емес. Елде мұндай құрылыстың дамуына себепкер болған 2017 жылы ұйымдастырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі. "Болашақ энергиясы" деген атпен өткен көрменің мақсаты "жасыл құрылыс" нормаларына және энергия үнемдеудің әлемдік стандарттарына сәйкес құрылыс нысандарын салу болатын.