Дамаск пен Алеппо әуежайлары рейстерді қайта қабылдай бастады

Сирия астанасы Дамаск пен елдегі ең ірі қала Алеппо әуежайлары халықаралық рейстерді қайта қабылдауға дайындалып жатыр.

Башар Асад билігі құлағаннан кейін мұнда ішкі рейстер енді орындала бастады. Сөйтіп, Дамасктен ұшып шыққан лайнер Алеппо әуежайына қонған. Бұл - билік ауысқалы орындалған алғашқы азаматтық рейс. Сапарды 7 мың адам онлайн бақылаған.