Ел экономикасының 70%-тен астамы шикізаттық емес секторға тиесілі

Ел экономикасы өсімінің 70%-тен астамы шикізаттық емес сектордың есебінен жүзеге асты. Алдын ала бағалау бойынша 11 айдағы жалпы ішкі өнім 4,4%-ті көрсетті. Бұның бәрі негізінен мұнайдан тыс секторды дамытудың нәтижесі. Яғни, экономика өсімі өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасты. Бұл орайда аграрлық салада жалпы өнім шығару 13,5%-ке өсті. Бұл соңғы 11 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар қазақстандық тауарлардың экспорты 5%-ке өсті. Өңделген тауарлардың экспорты 10%-тен асып, шамамен 23 миллиард долларға жетті.