Олжас Бектенов жаңа министрді таныстырды
Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды.
Олжас Бектенов жаңа министрге ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – Мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін баса айтты. Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Сондай-ақ, жиында аталған қызметті атқарған Нұрлан Байбазаровқа алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі