Астанада Ұлттық құрылтай жұмысының отырысы қорытындыланды
Елордада жыл басынан бері Ұлттық құрылтай аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Басқосуда қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда лудомания, ойын бизнесі, адамзаттың санасын улайтын есірткі заттарымен күрес және әйелдердің құқығы мен балалар қауіпсіздігі туралы айтылды. Оған қоса, жастардың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін қолға алынған маңызды бастамалар көтерілді.