Қытайда көмірге сұраныс артты
Биыл әлемде көмірге деген сұраныс 8 млрд тоннаға жеткен.
Бұл - адамзат тарихында болмаған көрсеткіш. Халықаралық энергетика агенттігінің мамандары осылай дейді. Олардың дерегі бойынша 2024 жылы көмірді ең көп тұтынған ел – Қытай. 5 млрд тонна пайдаланған. Екінші орында – Үндістан. Оның үлесі 1,3 млрд тоннаға жетті. "Көмірге деген сұраныс алдағы үш жылда арта түседі", - дейді мамандар.