Германия президенті Бундестагты таратады
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер 27 желтоқсан күні неміс Парламентін таратпақ. Бұл туралы Мемлекет басшысының ресми парақшасында хабарланды.
Шешім Германия канцлері Олаф Шольцтың Үкіметіне сенімсіздік білдіру туралы сәтсіз әрекеттен кейін қабылданған. Штайнмайер соңғы бірнеше күн ішінде негізгі парламенттік топтардың өкілдерімен кеңес өткізгенін атап өтті. Жаңа федералды сайлау келесі жылдың ақпан айында өтетін болады. Естеріңізге сала кетейік, 16 желтоқсан күні Бундестаг Олаф Шольцтың үкіметіне сенім білдіруден бас тартты. Парламенттің 394 депутаты таратылып, жаңа сайлау өткізуін қолдаса, 207-сі Шольц Үкіметін жақтады. Ал 116 депутат қалыс қалды.