Германияда аза тұту күні жарияланды

Германияда аза тұту күні жарияланды

Германияның Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде болған жантүршігерлік оқиғадан бірнеше адамның қаза табуына байланысты аза тұту жарияланды.

Елдегі мемлекеттік мекемелерде ту төмен түсірілді. Еске сала кетейік, Мардебург қаласының орталығындағы рождестволық жәрмеңкеге жиналған тұрғындарды джип мінген ер адам қасақана таптап өткен болатын. Соның салдарынан 5 адам көз жұмды. 200-ге жуығы жарақат алды. Оның 40-ы ауыр халде. Жүргізуші қазір қамауда. Ол 50 жастағы Сауд Арабиясының тумасы болып шықты. 2006 жылдан Германияда өмір сүреді. Қан сынамасынан есірткі қабылдағаны анықталды. Жергілікті билік өкілдері болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалады. Алдын ала ақпарат бойынша күдікті көлікті жалға алып, арам пиғылын жалғыз өзі іске асырған. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.