Tesla 700 мың көлігін кері қайтарды
Америкалық автоөндіруші Tesla компаниясы елдегі 700 мың көлігін кері қайтарды. Оған басқару жүйесіндегі ақау себеп болды. Дәлірек айтқанда, ол жүргізушіге қысымның төмендегені туралы алдын ала хабарламайды. «Ал бұл апатқа әкелуі мүмкін», – дейді компания өкілдері. Ақау Model 3, Model У және Cybertrack көліктерінен шыққан. Енді Tesla өкілдері түйткілді шешу үшін бағдарламалық жасақтаманы сымсыз жаңартпақ.
BizzyCar порталының мәліметі бойынша жыл басынан бері АҚШ-та кері қайтарылған көліктердің 21%-і Tesla электрокарларының үлесінде. Естеріңізде болса, қараша айында компания 2400 көлігін кері қайтарып алған еді.