Газа секторында 2 млн адам жылуға мұқтаж

Қыстың көзі қырауда.. Ал Газа секторында 2 миллион адам шүберектен жасалған шатырларда тұрып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда олар да тозуға жақын. Өңменінен өтетін жел мен жаңбыр халықты одан сайын әбігерге түсірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы қыс ортасында түрлі маусымдық ауру тарайды деп қауіптенеді.

Жоспарға сәйкес Газаның солтүстігіне кейінгі төрт аптада 6 мың шатыр бөлінген. Бірақ ол талан-таражға түсіп жеткізілмеген. Сондай-ақ Иорданияда 22 мың, Мысырда 600 мың көрпе тиелген жүк көлігі жолда тұрып қалған.