Израильге «Газа секторын ауыз судан айырды» деген айып тағылды
Хюман Райтс Уотч ((Human Rights Watch)) америкалық құқық қорғау ұйымы Газа секторына жасалған Израиль әрекеттерін геноцид деп танып, тұрғындарды ауыз судан қасақана айырды деп айыптады.
Израиль әскері сумен жабдықтау және су тазарту қондырғыларына әдейі зиян келтірген. Қазір тұрғындар лас суды пайдалануға мәжбүр. Соның салдарынан түрлі жұқпалы аурулар таралып жатыр. Былтыр қазан айынан бастап анклавта 670 мыңға тарта адам іш ауруымен, 132 мыңнан астам адам сары ауру жұқтырған. Инфекция әсіресе балалар арасында өршіді.