Перуде теңіз жағалауын мұнай қалдықтарынан тазарту жұмыстары басталды
Перудің солтүстік-батысында теңіз жағалауын мұнай қалдықтарынан тазарту жұмыстары басталды.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аймақта 5 жағажай ластанған. Экологиялық апат Петро-Перу мұнай компаниясының қателігінен болды. Танкерлердің біріне мұнай құю кезінде қара алтын теңізге төгілген. Кәсіпорын басшылығы қазір жағдайдың бақылауда екенін айтады. Естеріңізде болса, жуырда Перудің солтүстік-батысындағы Талара провинциясында ірі көлемде мұнай төгіліп, жағалау бойында ұзындығы бірнеше шақырымға созылатын қара дақ пайда болды.