Газада 556 мың бала полиомиелитке қарсы екпенің екінші дозасын алды
Газа секторында 556 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы екпенің екінші дозасын алды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындар өкілдігіне сілтеме жасаған "Әл-Жазира" телеарнасы хабарлады.
Әзірге індетке қарсы дәрі беру науқаны 88 пайызды құрап отыр. Жүз пайыз қамтуға аймақтағы соғыс қимылдары кедергі. Палестиналық босқындар өкілдігі бұл істің әлі жалғасатынын мәлімдеді. Вакциналау ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге іске асырылмақ. Газа секторында полио-вирус инфекциясы кейінгі 25 жылда алғаш рет тамыз айында тіркелген.