Әлемнің 175 мемлекеті бірыңғай уақыт белдеуін қолданады

Бүгінде әлемнің 175 мемлекеті бірыңғай уақыт белдеуін қолданады.

Бұл экономика жағынан тиімді. Мысалы Франция үшін Еуроодақтағы серіктестірімен жұмыс істеуге септігін тигізді. Түркияда 2016 жылы бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін жалпы ішкі өнім көлемі артқан.

Түркия 2016-жылы маусымдық уақытты ауыстыру тәжірибесінен бас тартып, бірыңғай уақыт белдеуін бекітті. Шешім маңызды экономикалық серіктестерімен байланыстарын жақсарту үшін қабылданды. Соның нәтижесінде елдің логистикалық әлеуеті артып, халықаралық сауда-саттық көлемі ұлғайған. Мұны мына статистикадан-ақ аңғаруға болады. Бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін 2017 жылы түрік елінің жалпы ішкі өнімі 3 пайызға артқан. 

Бірыңғай уақыт белдеуіне өту шешімі Франция үшін де тиімді болды. Негізі бесінші республика географиялық аумағы жөнінен 12 уақыт белдеуіне ие. Бірақ француздар табиғи уақытпен жүруге құлықты емес. Себебі уақыт айырмашылығы Еуропа елдерімен экономикалық байланысқа кедергі келтірген. Сондықтан сағат тілін ЕуроОдақтағы серіктестерімен сәйкестендіріп, бүкіл ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуін енгізген. Ол Гринвичтен бір сағат алда. Францияның бұған көшуі көлік жүйесінің оның ішінде ең алдымен темір жолдың жұмысын оңтайландыруға оң ықпал етті.

Үндістан

Үндістан жер көлемі жағынан ауқымды болғанына қарамастан, бір уақытпен жүреді. Бұл елде бірыңғай уақыт белдеуі 1947 жылы тәуелсіздік алғалы бері қолданылады. Ал оған дейін әр өңірдің орналасқан белдеуіне қарау түрлі уақытпен жүрген. Оны өзгерту туралы шешім бүкіл ел бойынша үйлестіру жұмыстарын жеңілдету үшін қабылданған. Сарапшылардың пікірінше, бұл елдің IT саласында табысының еселеп артуына әсер еткен.  

Оңтүстік Корея

Әлемдегі жетекші технологиялық алпауыт елдің бірі Оңтүстік Корея да бірыңғай уақыт белдеуін қолданады. Бұл шешім 1961 жылы елде ресми түрде Оңтүстік Корея Ұлттық үйлестіруді жақсарту, экономиканы модернизациялау және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатымен қабылданды. Үндістанмен салыстырғанда халық санының аздығына қарамастан бірыңғай уақыт белдеуі тұрғындар үшін де тиімді. Бұл шешім технологиялық компаниялардың бірдей жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Жаңа өнімдер шығаруды едәуір жеделдетіп, Оңтүстік Кореяны экономикалық жағынан әлемдегі озық елдердің қатарына қосылуға септігін тигізді. 

Жулдыз Атагельдиева, Фариза Жанғанаева