Бразилияда 533 метрлік көпір опырылды

Бразилияда тапа-тал түсте алып көпір опырылды.

Соның салдарынан 1 адам қаза тапты. 11 тұрғын зардап шеккен. Екі жүк көлігі, бір жеңіл көлік пен мотоцикл суға кеткен. Бұдан бөлек өзенге күкірт қышқылы төгілген. Әзірге көпірдің опырылуына не себеп болғаны белгісіз. Шығын көлемі туралы да ақпар жоқ. Билік өкілдерінің айтуынша, көпір екі штатты жалғап тұрған. Оның ұзындығы 533 метр болған.